"Осындай өмірді таңдағаныма қуанамын" - Жұлдыз

596
Кешью тобының бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғали бүгінгі таңда Айқын Төлепбергенмен екі бала тәрбиелеп отыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

"Осындай өмірді таңдағаныма қуанамын. Менің өмірімде кино бар, менің өмірімде өнер бар. Мен осы арқылы шабыттана аламын, өзімді дамыта аламын. Қазір өмір мүмкіндіктерге толы. Қазір жаңа нәрселерді үйренуге болады, шетелді де бағындыруға болады. Шектеу тек мида ғана", - деді Жұлдыз Өмірғали.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жұлдыз Өмірғали Айқынның бірінші некесінен туылған балалармен қандай қатынаста екенін айтқан болатын. Сонымен қатар әнші жұбайы Айқынның 4 баласына төрт үй алып қойғанын да мәлім етті.

"Үлкен баласында коттедж үйі бар. Қызында үш бөлмелі пәтер бар. Қазір тұрып жатқан үйімізді Аяның атына қалдырады. Ал жаңадан салынып жатқан үйді "Санжардың атында қалдырамыз" дейді. "Кейін Санжар бізбен тұруға келіспесе, өзімізге үй салып аламыз" - дейді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.