Актриса Жәния Джуринская екінші перзентін дүниеге әкелді

2 547

Фото: Instagram/djurinskayaҚазақстандық танымал актриса Жәния Джуринскаяның отбасында қуанышты жаңалық орын алды. Өнер иесі екінші перзентін дүниеге әкелді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов ұлды болды. Жұлдызды жұп қуанышты жаңалықты Instagram желісінде хабарлап, көпшіліктен сүйінші сұрады. 

"Біздің әлемге қош келдің, ұлым. Рахмет саған махаббатым", - деп жазды актрисаның күйеуі

Желі қолданушылары ерлі-зайыпты құттықтап, ақ тілегін жолдап жатыр. 

"Бауы берік болсын", "Қандай күшті жаңалық. Дені сау, болашағы зор азамат болсып өссін", "Сіздер үшін қуаныштымын", "Мықты азамат болсын", "Ата-анасының мақтанышы, әпкесінің қорғаны болып өссін", "Жәния, Данияр құттықтаймыз! Балапандарыңның қызығына тоймай жүре беріңдер", - деп жазуда көпшілік.