Актриса Жәния Джуринская екінші перзентін дүниеге әкелді
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қазақстандық танымал актриса Жәния Джуринскаяның отбасында қуанышты жаңалық орын алды. Өнер иесі екінші перзентін дүниеге әкелді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов ұлды болды. Жұлдызды жұп қуанышты жаңалықты Instagram желісінде хабарлап, көпшіліктен сүйінші сұрады.
"Біздің әлемге қош келдің, ұлым. Рахмет саған махаббатым", - деп жазды актрисаның күйеуі
Желі қолданушылары ерлі-зайыпты құттықтап, ақ тілегін жолдап жатыр.
"Бауы берік болсын", "Қандай күшті жаңалық. Дені сау, болашағы зор азамат болсып өссін", "Сіздер үшін қуаныштымын", "Мықты азамат болсын", "Ата-анасының мақтанышы, әпкесінің қорғаны болып өссін", "Жәния, Данияр құттықтаймыз! Балапандарыңның қызығына тоймай жүре беріңдер", - деп жазуда көпшілік.
Қаз
Рус






