"Өнер қырандары" жалған ақпарат таратқаны үшін концерт билеттерінің күші жойылды

456

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

"Өнер қырандары — Харекет қорына 5 жыл" концертіне сатылған барлық билет күші жойылуда, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Желіде 24-25 желтоқсанында Республика сарайында "Өнер қырандары — Харекет қорына 5 жыл" іс-шарасын өткізу туралы жалған ақпарат тарауда. Бұл туралы "Алматы әуендері" хабарлады.

Ұйымдастырушымен аталған іс-шараны өткізуге шарт жасалмаған. Сонымен қатар аталған күндері Республика сарайында "Жаңа жылдық шоу" өткізу жоспарланған, - делінген хабарламада.

Осыған қарамастан "Харекет" қайырымдылық қоры" ҚҚ және "Өнер қырандары" театрының өкілдері іс-шараны өткізу туралы жалған ақпарат таратуды жалғастырып жатыр екен.

Сондай-ақ билеттерді Kassir.kz арқылы сатқан. Тиісті құқық органдарының тексеруімен аталған шараның өту күні жалған екені анықталды, - делінген хабарламада.

Енді 24- 25 желтоқсанда өтетін "Өнер қырандары — Харекет қорына 5 жыл" концертіне сатылған барлық билеттің күші жойылды. Билет ақшасы kassir.kz сайтында белгіленген ереже бойынша қайтарылмақ.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.