Бала күнгі арманы орындалды

499

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Танымал әнші Ерке Есмахан желідегі парақшасында Парижге қалай барғанын айтты,  деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Әншінің айтуынша, Париж бала күннен бергі арманы болған.

"Париж қаласын көру менің бала күнгі арманым. Есейе келе қанша жол түссе де, бармай қалатынмын. Неге екенін артынан айтып түсіндірермін. Міне, осы күзде арманымды Алла мен ойлағаннан да керемет етіп бұйыртты. Париж - махаббаттың қаласы", - деп жазды әнші.


Ол Парижге қалай келгенін де әңгімелеп берген. Әншінің сөзінше, бәрін өзі алып қойғанда, министрліктен ұсыныс түскен.

"Парижге қыдыруға барамын деп, визаны, билетті алып дайындалып жүргенімде тағы бір жаңалық мені қуантты. Алла тұспа-тұс етіп сәтін салып, бұйыртып тұр екен. Министрліктен хабарласып, сізді Парижде болатын концертке қатысуға шақырамыз дегенде шошып кеттім, қалай деп. Дәл сол күндері мен Парижде боламын, қатысамын деп қуана келістім. Сүйінші! Париждің төрінде Роза апамның әнін шырқаймын", - деді ол.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.