Жұлдызай Дүйсенбиева : "Ақшамды Уәлибек те, Тука да бермеді"

868

Фото: https://www.instagram.com/kaz_zhulduz/p/Cq-ZuFHtz5O/Отандық актриса Жұлдызай Дүйсенбиева өзінің "Шаншар" мен "Алдараспан" театрларындағы жұмысын есіне алып, қос театрдың сол кездегі басшыларына реніші болғанын жеткізді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Өнер иесі кезінде Уәлибек Әбдірайымов пен Нұржан Төлендиевке ренжігенімен, бүгінде олар жайында ойы қате болғанын алға тартты. 


"2003 жылдан 2012 жылға дейін "Шаншар" мен "Алдараспанда" жұмыс істедім. Сондағы тоғыз жыл. Алты жыл "Шаншарда", үш жыл "Алдараспанда" өтті. Сол кезде ойбай, "Шаншардан" ақша таппадым, "Алдараспаннан" ақша таппадым" деп жыладым. "Не үйім жоқ, не күйім жоқ, ойбай" деп жыладым. Өйткені, мен былай ойладым: "Неге менің еңбекақымды дұрыс бермеді?" деп. Демек, ол маған бұйырмаған дүние екен, ол менің несібем емес. Солардың несібесі. Болды кетсін, соларға бұйырсын. Былтыр жұрттың бәрі карантинде отырып, адам ақша таппай жатқан кезде Құдай көзімді ашып, бір жұмысты бастадым. Бір жылда сол "Шаншар", "Алдараспанда" жүрген кездегі таппаған несібемді Алла тағала осы жылға әкеліп берді. Демек, ол өзіңе берілетін жай ғана несібе екен, біз оны біреуден көрмеуіміз керек екен. "Маған Уәлибек бермеді, маған Тука бермеді" деп айтқаныма қазір өкінемін. Мен дұрыс ойламаппын", - деді ол "Тәлім ТВ" арнасына берген сұхбатында.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.