Дубай шоколады жаңғақ тапшылығына себеп болды

1 517

Сурет: Astanatv.kzБүкіл әлемде трендке айналған дубай шоколады жаңғақ тапшылығына себеп болды. Тәттінің құрамындағы бұл өнімнің бағасы қымбаттап кеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Тіпті кей сауда орындары шоколадты шектеп сатуға мәжбүр болып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Financel Times баспасының мәліметінше, Дубай шоколадының құрамындағы жасыл жаңғақты ең көп экспортқа шығаратын АҚШ-тың өзі тығырыққа тірелген. Ал тапшылық бағаға әсер етіп отыр. Мысалы, өнімнің жарты келісі бір жылда 10 долларға (5 мың теңгеге) дейін қымбаттаған. Ал шоколадқа сұраныс әлі де азаяр емес. Соның салдарынан кей елдердің дүкендерінде бір адамға бір ғана тәттіден артық сатпайтын болған.

Айта кетейік, Дубай шоколады 2024 жылы блогерлер ең көп жарнамалаған өнімдердің біріне айналған. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.