Студентті диплом қорғауға жібермей, әскери комиссариатқа алып кеткен
Алматы облысы Іле ауданының Өтеген-Батыр ауылында тұратын азаматтар жастарды, әсіресе студенттерді, әскери комиссариатқа мәжбүрлі түрде алып кетіп жатқанын айтып дабыл қақты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Тұрғындардың айтуынша, жігіттердің біріне тіпті диплом қорғауға да рұқсат етпеген. Зардап шеккендердің бірінің анасының айтуынша, 18 маусым күні таңғы сағат 9:00 шамасында оның ұлы дипломдық жұмысты қорғауға Прогресс колледжіне бара жатқан. Бірақ оны әскерилер оқу орнының кіре берісінде ұстаған.
Қаз
Рус






