“Анамызды психбольницаға бір күнде алып кетті”: балалар жанайқайын видео арқылы жеткізді

1 488

Фото: Видеодан скринАқтөбе қаласында бес баланың анасын туыстары күштеп психиатриялық ауруханаға жатқызған, ал балаларын «Аяла» орталығына орналастырған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қорыққан балалар қоғамнан көмек сұрап видео түсірді.

"Біз бес баламыз, бәріміз оқимыз, ешқашан мектеп пен балабақшаны тастамадық. Анам туралы жақсы мінездемелер бар. Бірақ нағашы тәтем дәрігерге "ана есінен айрылған, балалар қараусыз қалған" деген жалған мәлімет берген. Осыдан кейін анам ауруханаға жатқызылды. Ал оның телефонын пайдаланып, үйімізді сатып, таныстардан ақша жинап алған. Кейін анама шизофрения диагнозы қойылды. Біз сотқа арыз бердік. Қазір анам Алматыда тексеруден өтіп жатыр", – дейді Құралай өз бейнеүндеуінде.

Балалардың сөзінше, отбасындағы жанжал мұраға талас салдарынан шыққан.

Қазір олар анамыздан біржола айырылып қаламыз ба деп қорқамыз дейді.

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.