11 айлық баланың өкпесінен шемішкенің қабығы табылды
Ақтауда дәрігерлер бірнеше ай бойы бронхиалды астма диагнозымен емделіп келген сәбиді аман алып қалған. Алайда аурудың себебі өкпеде болған бөгде заттар екені анықталған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Проктолог-эндоскопист әлеуметтік желілерде 11 айлық баланың жөтелмен және бронхиалды астмаға күдікпен ауруханаға түскенін хабарлаған. Сәби шамамен төрт ай бойы осы диагнозбен дәрігерлердің бақылауында болған.
Алайда баланың жағдайы күрт нашарлап, қатты ентігу пайда болған. Ол шұғыл түрде ауруханаға жатқызылып, қабылдау бөлімінде рентген жасалған. Түсірілім өкпеде бөгде зат бар екенін көрсеткен.
Бронхоскопия барысында дәрігерлер тағы бір бөгде затты – күнбағыс дәнінің қабығын анықтаған. Дәрігердің айтуынша, металл зат ұзақ уақыт бойы астма белгілерін "жасырған", соның салдарынан бала басқа аурудан емделген.
Барлық бөгде заттар алынғаннан кейін баланың жөтелі толықтай тоқтаған. Дәрігер егер жағдайы нашарламағанда, бала өкпесінде бөгде затпен өмір сүруін жалғастыра беруі мүмкін екенін атап өткен.
Қазіргі таңда баланың денсаулығы жақсы.







