«Қымыз бен тау ауасы ағзамның қалпына келуіне көмектесті»

340
Елбасы мұны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай түсірілген «Штрихи к портрету» фильмінде айтқан. Нұрсұлтан Назарбаев сұхбат барысында журналистке жылына бір рет өзінің кіші отаны Шамалғанға баруға тырысатынын баяндады.
«Шамалғанға жылына бір рет барып тұрамын. Барған уақытымда Міндетті түрде ең алдымен  әкем мен анамның қабіріне барамын. Содан соң Үшқоңырға көтерілемін. Бұл ата-бабамның кіндік қаны тамған жер болып саналады. Біздің бабаларымыз сонда жерленген. Онда мен жай ғана отырамын және қуат аламын. Арасында қымыз ішемін. Биыл аурудан кейін мен ол жаққа арнайы барып отырдым әрі таудың ауасымен дем алдым. Ол ағзамның қалпына келуіне көмектесті», - деді Елбасы.
Сөз арасында Елбасы тауға шыққанды жаны сүйетінін айтты. «Мені таулар тартады, олардан қуат аламын. Таудың өзінің әдемілігі және ерекшелігі бар. Тауға үйренгендерді тау тартады да тұрады. Даланың да өзінің көркемдігі бар. Шеті-шегі жоқ аспанға қарасаң көз жетпейді. Алматыда таулар аспанды көлегейлеп тұрады»,- деді Назарбаев деректі фильмде.