«Аспан мен жер» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті

587
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры Әлібай Бапановтың көрмесінің ашылу рәсімі өтті- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі

Іс-шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналды.

Суретші-монументалшы алғашында гобелен тоқып, сосын текемет пен жүннен көлемді артефактілер (жәдігер бұйымдар) жасай бастады. Соңғы жылдары ескі кілемдер бетіне метафоралық композицияларды бейнелеуге көшкен. Көрмеге қойылған жұмыстар  киіз, гобелен, кескіндеме техникаларында орындалған. Бір қарағанда бір-бірінен айырмашылықтары анық байқалғанымен, оларды көшпенділер мәдениеті тақырыбы байланыстырады. Себебі, автор шығармашылығының басты тақырыбы осы. Олардың қатарындағы көрмеде қойылған «Жарқындүние» (2020), «Әлем айшықтары» (2021), «Мәңгілік» (2020), «Наурыз» (2021) жұмыстары керемет еркіндікті бейнелеген.

 Туындылар көрмесі 7 қарашаға дейін жалғаспақ.