Шығармашылық одақ саны кеңеюде
532
Алматы қаласында өнер өкілдеріне арнайлап «Домбырашылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің куәліктері мен сертификаттар табысталды, деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
«Домбырашылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі биыл 10 тамыз күні құрылды. Бірлестіктің мақсаты –халқымыздың дәстүрлі ән, күйін,жырын, қазіргі жас буын жастарға қызығушылығын оятып ұлттық құндылықтарғы баулу. Одақтың басшысы болып сайланған Қанат Ержігітов қазіргі таңда жүзге тарта ұйым мүшелерінің барын атап өтті. Алдағы уақытта ұйымның филиалдарын ашу жоспарда бар екенін хабарлады.
Дәстүрлі әнші, еңбек сіңірген қайраткер Сәуле Жанпейісова Домбырашылар одағы күйшілердің ғана емес, қолына домбыра ұстаған әр өнер адамына ортақ екенін айтты.
«Елімізде жазушылар, суретшілер, жыршылар, күйшілер және тағы басқа өнер адамдарының одақтары бар. Жыл сайын 1 шілде Домбыра күні деп аталып өтеді. Сол кезде домбырамен ән айтып жүрген әншілер шет қалып, алдыға күйшілер шығатын. Қазір ол жағдай реттелді, ол кезде біз де өнер көрсететін болдық. Бізге қай салада болмасын бірлік керек, онсыз ештеңені тындыра алмайтынымызға көзіміз жетті. Ортақ мәселелерді бірге талдап, бірге шешу үшін одақтың пайдасы зор», дейді Сәуле Жанпейісова.