"Балқадиша" әнін домбырамен шебер орындаған орыс жігіт көпшіліктің алғысына бөленді

326

Фото: видеодан скриншотӘлеуметтік желіде дауысы ерекше жас жігіт көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленуде. 


Желі қолданушылары одан қазақтың әнші-композиторы Ақан серінің туындысы - "Балқадиша" әнін орындауын сұрайды. Ол бұл өтінішті жерде қалдырмай, әнді көпшілік назарына ұсынып, жұрттың мақтауына ие болды. 


"Жарайсың. Өнерде ұлт болмайды, тек қана талант бағаланады", "Рақмет, Алла разы болсын", "Жарайсың", - деп жазған пікір қалдырушылар.


 Алексей Лодочников есімімен Instagram желісіне тіркелген азамат өзін актер, әнші әрі SMM маман ретінде таныстырады.


 Жігіттің парақшасына бүгінде 41 мыңнан астам адам жазылып үлгерген. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.