Биыл Рамазан айы 29 күнге созылады

1 538

Фото: ҚМДБЕртең Қасиетті Рамазан айы басталады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Ислам дінінде айлардың асылы саналатын бұл кезеңде мұсылмандар бойларындағы жаман әдетті тыйып, құлшылығын күшейтеді. Оған қоса ораза тұту парыз саналады. Осыған байланысты мешіттерде арнайы ауызашар мәзірі әзірленді. Биыл ғибадат үйіндегі ауызашарда ұлттық тағамдарға басымдық беріледі. Имамдар азаматтарды ысырапқа жол бермеуге шақырады. Тағы бір ерекшелік, биыл Рамазан айы 29 күнге созылады. 1 наурыз күні басталып, 29 наурызда аяқталады. 30 наурыз Ораза айттың алғашқы күні. 

 "Мұсылманша күнтізбе бойынша айға қарап, айдың тууына байланысты кейде 30 күн, кейде 29 күн болады. Бұл енді ҚМДБ қасында шариғат дәне пәтуа бөлімі бар. Сол бөлімнің шешімі бойынша осы айда Рамазан айы 29 күн болатынын бізге жариялады. Кейде 29, кейде 30 күн болуы – әдеттегі жағдай. Айдың тууына, көрінуіне байланысты.", - дейді  Әбу Наср Әль-Фараби мешітінің наиб имамы Нуриддин Абдусамадұлы. 

 Биыл Қадір түні наурыз айының 26-нан 27-не қараған түні болады. Ал пітір садақа ел бойынша 655 теңге болып бекітілді.