Қазақ ақын-жазушыларын жазбай танып, есімін атайтын екі жасар бүлдіршінге ел тәнті болды

284
Абай, Ыбырай, Шәкәрім, Ахмет, Жүсіпбек, Міржақып сынды қазақтың ұлы тұлғаларының бейнесін кітаптан көрсеткен екі жасар бүлдіршін елдің алғысына бөленді.

Желіде қазақ ақын-жазушыларын жазбай таныған екі жасар бала жұлдыз болды. Артур Айтмағамбетовтың Facebook парақшасына жүктеген видеосын бөлісіп жатқандар көп. 


Желі қолданушылары қазақ жазба әдебиетінің жарқын өкілдерінің суреттерін тіпті үлкендер де дәл солай атап бере алмайтынын айтуда.


 "Абай ата міне, Ахмет ата міне, Міржақып ата міне, Жүсіпбек ата мынау", - деп әкесінің атаған есімдерін кітаптан дәл тауып беріп отырған бүлдіршін жұртты сүйсіндірді. 
"Бақытты болсын, балақан! Шынымен де үлкендерден сұрасаң білмейді, ал мына екі жасар балапанға бақытты бол дейміз!", "Осы аталардын рухы қолдасын, болашақта елінің қадірлі азаматы болсын", "Тәп-тәтті тіліңнен сол! Аман бол, ботақан!", - деп жазды желі қолданушылары.


Видеоны көрген ел баланың ата-анасына да алғыс жаудырды. 


"Саналы ұрпақ тәрбиелеп жатқан ата-анасына рахмет. Алла разы болсын. Өте тамаша! Балапанды тіл - көзден сақтасын! Былдырлап тауып айтып отырған тілінен айналайын, жаным сол!", "Ата-анасына мың алғыс. Қазақтың мақтанышы болған, мың жылда бір туатын ұлы тұлғаларды таныстырып, үйретіп отырған, осындай тәтті балапанды тәрбиелегеніңе рахмет. Болашағы жарқын, халық мақтан тұтатын үлкен азамат болсын!", - деп ақ тілегін арнады желі қолданушылары.