Маңғыстауда мектеп түлектері 50 жылдан кейін қайта қауышты

515

Фото: видеодан скриншотСағыныса көріскен 15 сыныптас кездесуге ерекше дайындалған. Олар біртүсті көйлек киіп, түлектің лентасын таққан.

 
50 жылдан кейін қайта бас қосқан түлектер 1971 жылы Түркіменстанның Учаджы ауылындағы мектепті тәмәмдап, 90-жылдары ата жұртқа оралған.
 Бүгінде әрқайсысы әр салада табысты қызмет етіп, немере, шөбере сүйіп отыр.


 Шәкірттерінің басқосуына сынып жетекшісі мен география пәнінің мұғалімі де келген. 
Олар өткен күндерін еске алды. Жасы 70-ке таяған сыныптастар енді 70 жылдықта кездесуге ниетті.


 "Қазақтың амал наурызында көрісіп келді үйге. Сол кезде осындай шай басында отырып, мектеп бітіргенімізге 50 жыл болып жатыр екен, соған орай бірігіп отырайық деп едім, бәрі қолдады. Содан кейін кірісіп кеттік", - дейді Мұнайлы ауданының тұрғыны Ағзия Елғазиева.