Қазақстан халқының саны 19 миллионға жуықтады

289

Фото:  Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі2021 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстандағы халық саны 18 млн 940 мың 400 адамды құрады. Бұл туралы ҚР cтратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросы мәлім етті.
Оның ішінде қала тұрғындары – 11 млн 204 мың 800 (59,2%), ауыл тұрғындары – 7 млн 735 мың 600 мың адамды (40,8%) құрайды. 2020 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 250,2 мыңға немесе 1,3% артты. 

2021 жылғы қаңтар-наурызда республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда (61,5 мың адам) 4,6% өсіп, 64,3 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда - 13,73 адам. 

Биылғы қаңтар-наурызда елімізде 36,1 мың қайтыс болды. Бұл, бұл 2020 жылғы қаңтар-наурызға (31,2 мың адам) қарағанда 15,8% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,71 қайтыс болғандарды құрады. 

Қаңтар-наурыз аралығында 1 жасқа дейін шетінеген 815 нәресте тіркеліп, 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (796 шетінеген нәресте) 2,4% артты. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,11 оқиғаны құрады.