Денсаулық сақтау министрлігі Құрбан айт қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады
361

Комитеттің ресми өкілі осыған байланысты барша қазақстандықтарды жағдайға түсіністікпен қарап, Құрбан айт қарсаңында шағын отбасылық шеңберде мерекелік іс-шаралар өткізуге, барлық байланыстарды азайтуға, бұқаралық іс-шараларды, адамдар көп жиналатын рәсімдер ұйымдастырмауға және ондай шараларға бармауға кеңес береді.
Одан бөлек, республиканың барлық аймақтарында коронавирустың "дельта" штамы анықталғанын, оның әдеттегі штамға қарағанда 60 пайызға жұқпалы және ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін екенін еске салды. "Биыл екінші жыл қатарынан қазақстандықтар құрбандық шалу рәсімін онлайн форматта жасай алады. Ол үшін qurban2021.kz сайтында өтінім қалдыру қажет. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты құрбандық еті мұқтаждар арасында толығымен таратылады. Сонымен қатар, карантиндік талаптарды қатаң сақтауға, бетперде тағуға, әлеуметтік қашықтықты сақтауға, қолды жиі өңдеуге, адамдар көп жиналатын орындарға бармауға шақырамыз", - дейді Ержан Байтанаев.