Алғаш рет республикалық “Үздік имам” интеллектуалды білім сайысы өтті

2 512

Фото: ҚМДБАстана қаласындағы “Әзірет Сұлтан” мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған І республикалық “Үздік имам” интеллектуалды білім сайысы өтті,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Марапаттау рәсімінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы сайыстың маңыздылығына тоқталып, имамдардың қоғамдағы рөліне ерекше мән берді.

“Имам – мешіт қызметкері ғана емес, қоғамның рухани тірегі. Бүгінгі сайыс әр имамның білімін шыңдап, тәжірибесін арттыруына үлкен мүмкіндік берді. Бұл жарыс жыл сайын дәстүрге айналады деп сенемін”, – деді Бас мүфти.

Әділқазылар алқасының шешімімен жүлдегерлер анықталды:

I орын – Бекзат Азатбекұлы Құсанбаев (ШҚО, Өскемен қалалық орталық мешітінің наиб имамы)

II орын – Нұрлан Мұрат (Жамбыл облыстық “Һибатулла Тараз” мешітінің наиб имамы)

III орын – Қуаныш Тоқсанбайұлы Әбішев (Алматы қалалық Орталық мешітінің наиб имамы)

Жарыс жеңімпаздарына 500, 400 және 300 мың теңге көлемінде жүлде табысталды. Ал барлық қатысушы имамдарға 50 мың теңгеден ынталандыру сыйлығы берілді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.