Анкарада Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай ғылыми конференция өтті
328
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен 16-шы Анкара кітап жәрмеңкесінің шеңберінде Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі және Анкара Хаджы Байрам Вели университетінің бірлесіп қазақтың халық поэзиясының әйгілі тұлғасы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдағына арналған ғылыми конференция өтті- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Сыртқы саяси ведомствоның мәліметінше, шараға Қазақстан Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Анкара Хаджы Байрам Вели университетінің ректоры Юсуф Текин, университет оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, студенттер мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Алғы сөзінде Елші Жамбылдың қазақ әдебиеті мен адамзат тарихындағы орнының ерекшелігіне тоқталды.
Ол «Ұлы дала Гомері атанған Жамбыл көзі тірісінде-ақ әлемге әйгілі болып, құрметке бөленді. Өз ұлтының рухани қазынасын, терең философиясын жырларында көрсете білген Жамбыл ескі мен жаңаны ұштастыра білген» деп баяндады.
Сонымен қатар отандық дипломат, Жамбылдың қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен бай фольклорлық дәстүрлерінің сақталуына үлкен үлес қосқандығын, осы орайда оның мұрасын зерделеу, қорғау тек қазақ халқы үшін ғана емес, бүкіл Түрік әлемі үшін маңызды екендігін баса айтты.
Анкара Хаджы Байрам Вели университетінің ректоры өз сөзінде қазақ елін тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, аталған конференцияның екі бауырлас елдер арасындағы рухани және ғылыми байланыстарды одан әрі нығайта түсетіндігіне сенімін білдірді.
Конференцияда Анкара Хаджы Байрам Вели университетінен проф. док. Наджие Ата Йылдыз, Доц. док. Бекир Түмен Сомунжу, док. Ферхат Тамир, Кастомону университетінен проф. док. Орхан Сөйлемез, Эге универиситенінен проф. док. Мустафа Өнер, Муғла Сыткы Кочмен Университетінен доц. док. Екрем Аян, Акдениз университетінен Ләззат Уракова Янч Жамбыл өмірімен шығармашылығы туралы баяндама жасады.