"Бешбармақ" атауы бұрмаланып берілген
910
Бекен Қайратұлының айтуынша, «Бешбармақ» дегеніміз жарамсақ атау- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі
«Бешбармақ» сөзі шындығын айтқанда, өткен ғасырларда отарлаушылар тарапынан жұртымызды кемсіту мақсатында енгізілген.
Ғылыми еңбектерде бұл термин: «XІX ғасырдың соңғы ширегінде қазақтан шыққан тілмаштар, нақтырақ айтқанда түземдік элита тарапынан бес саусағымен ет жейтін қазақтың тұрмыстық мәдениетін мансұқтау мақсатында енгізілген ұғым» депті.
Қарапайым логикаға салып қарасақ, қазақ «бармақ» деп аяқтың саусақтарын айтады. Сонда қазақ етті аяғымен жеген бе?! Қолмен ет жеуді меңзесе неге «бессаусақ» деп атамаған? Бұл жерде сөз жоқ кемсіту жатыр.
2000 жылы айтыскер ақын Қонысбай Әбіл Астана қаласы әкімдігі жанынан құрылған Тіл секторына басшы болады. Әрбір ашылып жатқан бизнес мекемелеріне (мейрамхана, дүкен, шаштараз, дәмхана т.б.) ат қою үшін кәсіпкер әуелі Тіл секторымен келісетін тәртіп болды. Осы ұстаным бойынша Қонысбай Әбіл мейрамхана ашып, оған «Бешбармақ» деп ат берген кәсіпкер ұсынысын бекітпей тастайды. Ақыры сотқа жүгінеді.
Осы сот үстінде марқұм Ақселеу Сейдімбек: «Бешбармақ» деген қазақты кемсітіп, қорлап айтылған сөз. Бұл «калбит» деген сөздің екінші баламасы. Орыс отаршылары бізді мәдениетсіз, қалай тамақ жеуді білмейді, көрсоқыр, надан деп, етті қолмен жегеніміз үшін осылай келекелеп атаған. Мұндай отаршылар енгізген итаршы сөз Астананың төрінде тұрғаны құлдықтың айқын белгісі» деген еді.
Айтыскер ақын Балғынбек Имашев айтқандай: «Атаңның басы бешбармақ, Ет асу дейді қазақта...». Халқымыз ұлттық асын ешқашан «бешбармақ» деп атамаған. Бұл сөзді қазақтың ежелгі жыр-дастан, ауыз әдебиеті, фольклорын жүз рет ақтарсаңыз да таппайсыз.