Қазақтың шапанын киіп, қара жорға билеген бразилиялық футболшылар көптің талқысына түсті

254

Фото: видеодан скриншотӘлеуметтік желіде Қазақстан біріншілігінде өнер көрсететін бразилиялық футболшылардың шапан киіп, қара жорға билеген сәті тарады.


Видеоны Атырау кіші футбол клубыны Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады. 
Кадрдан бразилиялық футболшылар - Синезио, Антонио Далтон, Эвертон, Эрик Данило, Манеку және Келсон Винисиустың қазақтың ұлттық киімімен жүргенін байқау қиын емес. 


"Дәстүр бойынша, еліміз үшін қадірлі мейманның еңбегі ескеріліп, жергілікті халықтан шапан сыйлыққа алады. Біз де Бразилиядан келген қонақтарға шапан тарту еттік", - делінген хабарламада.


 Өз кезегінде Пеленің жер
лестері алғысы ретінде қара жорға билеп, көпшіліктің көңілін көтерді. 


Бұны көрген желі оқырмандары футболшылардың шапанға лайықты екенін жеткізді. 
"Бұл бразилиялықтар сый құрметке лайықты", "Кіші футболдан Атырау клубының Чемпиондар лигасына шығуына үлкен еңбек сіңіргені үшін рақмет", "Жігіттер жарайсыздар, құттықтаймын" деді олар. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.