Қазақстандағы тұрғыны жоқ таңғажайып қала туралы білесіз бе
Қазақстандық Мақсат Ақмұратов ешкім тұрмайтын айрықша "шаһардың" фотосуреттерін көрсетті. Бұл ерекше қала Маңғыстау облысында орналасқан.
Мақсат мемлекеттік қызметкер болып жұмыс істейтінін айтады. Саяхаттап, суретке түсіргенді ұнататын ол алған әсерін Facebook-тегі парақшасында жариялап отырады.
"Мен әр демалыс сайын қызықты жерлерге баруға тырысамын", – дейді қазақстандық.
Оның зерттеуіндегі осындай таңғажайып орындардың бірі түсірілім үшін арнайы салынған Абаста қаласы болды.
"Абаста – Аралдың жоғалу тарихы мен оның жағалауында өмір сүрген адамдардың трагедиясы туралы "Теңізді күту" фильмін түсіру үшін пайдаланылған декорация", – қала туралы мұндай ақпаратты Интернеттен табуға болады.
Мақсаттың айтуынша, егер Маңғыстау облысындағы Ақтау-Қаламқас тас жолының 106-шы шақырымында "басқа жолға бұрылсаңыз", онда портты қалашыққа тап боласыз.
"Бірақ мұнда әуежай, теңіз порты, шіркеу, мұнара, пошта және тіпті кафе бар. Қалада екі фильм түсіріліп үлгерген. Біріншісі – теңіз туралы, сусыз қалған балықшылар туралы. Екіншісі – ауған ақиқаты туралы", – деп атап өтті саяхатшы.
Оның айтуынша, Абаста көшелерімен жүргенде өзіңізді өткен шақтағыдай сезінесіз.
"Өкінішке орай, уақыт өте келе "картон" декорациялардың ұсқыны қаша бастаған, шаһар жақын арада Маңғыстау жазығынан жоғалып кетуге шақ қалған", – деп аяқтады Мақсат Ақмұратов.