Рухани мереке: Құран байқауы жеңімпаздары марапатталды

1 565

Фото:Kyzylorda-news.kzҚызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Құран – бірлік пен береке бастауы» атты облыстық Құран жарысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

 Республика күні мен ҚМДБ 35 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған байқауға Қызылорда қаласы мен аудандардан келген 50-ден астам үміткер қатысып, Құранның 5, 3 және 1 парасын жатқа айтудан бақ сынасты.

Шара аясында Сыр өңірінің бас имамы Дастан қажы Жанасұлы жеңімпаздар мен «Көрермен көзайымы» атанған қатысушыны құттықтап, дипломдар мен сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ қазылар алқасының мүшелері мен демеуші азамат та алғыс хатпен марапатталды, ал қалған қатысушылар ынталандыру сыйақыларына ие болды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.