Драматург Дулат Исабековтің әлі сиясы кеппеген «Бөрте» пьесасы көрерменге жол тартпақ

530

Драматург Бөрте пьесасын  шөп арасынан ине іздегендей етіп жинап жаздым дейді,-деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Биыл Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы, драматург Дулат Исабековтің әлі сиясы кеппеген «Бөрте» пьесасы көрерменге жол тартпақ. Автордың айтуынша, төрт ұлы бірдей хан болған алтын құрсақты әйел туралы жазған туындысы тарихи емес көркем шығарма. Үш-төрт жылдан бері «Бөрте» тақырыбын зерттеген. 

– Шыңғыс ханның өмір жо­лы туралы дерек көп. Осы күн­ге дейін түрлі фильм, теле­хи­кая түсірілді. Ал алғашқы жа­ры, төрт бірдей ұлы хан бол­ған Бөрте – ханша бұрын-соң­ды сах­наланбаған кейіп­кер. Та­рихи тұлға туралы пье­са ж­а­зуыңызға не түрткі бол­ды?
– Бұл көптен бері ойымда жүр­­ген дүние болатын. Біз Томи­рис­ке бір жабысамыз, Ұмай анаға бара­мыз. Негізінен олардың бәрі қа­зақ емес. Бөрте – қазақ. Қоңырат руы­ның қызы. Шыңғыс ханның әйе­лі. Ұлы қағанды ақылмен бас­қар­ған адам. Шыңғыс хан дүние­жү­зін жаулап, қаһарына мінген қол­басшы болса да, Бөртенің ақы­лына тоқтаған. Жорықты жос­парлау кезінде қағанға қарсы пі­кір айтатын жалғыз адам болған. «Ба­тысқа тиіспе, шабуыл жасама!» деген сөзді де айтқан. Шыңғыс хан­ға Бөртенің орынды-орынсыз айт­қан сөздері ұнамай, сарайдан қуып жібереді. Өмірінің соңына дейін сарайға келуіне тыйым са­лады. Бірақ Бөрте амалын тауып са­райға келіп жүреді. Осы секілді дү­ние көп.
Сахналанатын көріністің дені – Бөрте образы. Шыңғыс хан бей­несі бір-ақ жерде ғана көрінеді. Осы күнге дейін тарихта қалған Бөр­тедей тұлғаны жазбау күнә се­кілді. Көп кітапты ақтарсам да, Бөрте туралы ешқандай мә­лі­мет таба алмадым. «Моңғолдың құпия шежіресі» мен «Алтын топшыда» ғана ақпарат бар. Көр­кем шы­ғар­ма болғандықтан, та­ри­хи дерек­терден гөрі қарапайым мә­лімет оқырманға қызық. Бөр­те­нің де өмір жолы, басынан кешкен не­гізгі оқиғалары туралы «Моң­ғол­дың құпия шежіресі» көбірек жа­зыпты. Басты назарға осы екі шығармадағы деректерді алдым. Егер «Моңғолдың құпия шежіресі» қателессе – менің де қателескенім. Бөрте туралы мәліметті шөп ара­сынан ине іздегендей таптым. 4-5 жыл ойланып, одан кейін 4-5 айда жа­зып шыққаннан кейін бе, «Бөр­теден» кейін ештеңе жазғым кел­мей қалды.
– Түр­кі­стан драма теат­рын­да тұңғыш рет «Бөртенің» та­ныс­тырылымы өтпек. Шығар­машылық ұжым­мен танысып, дайындық ба­ры­сын көрдіңіз бе? Шетелден ар­найы ша­қыр­тумен қойы­лым режиссерлері бекітілген. Олар «Бөрте» туралы біле ме? Ор­та Азия тарихынан алыстау еу­ропалық режис­сер­лер қа­лай сахналауды жос­пар­лап отыр?
– Түркістан театры «Бөртені» қою­ға дайындалып жатыр. Шы­ғар­машылық ұжыммен танысқан жоқ­пын. Бұл театрдың келісім­шар­ты қызық әрі қиын болды. Екі жылға дейін еліміздегі ешқандай театрға қоюға болмайды. Театр ұжы­мы «Бөртемен» дүниежүзін ара­лаймыз деді. Ағылшын тіліне ау­дарылып қойды. Шығар­ма­шы­лық құрамда шетелдік режис­сер­лар да бар екен. Олар Алматыға ке­ліп, үйіме қонақ болып кетті. Ма­­­ңайын­дағы бірнеше аударма­шы­лар да келіп, бір күн бойы мә­тін­мен жұмыс істедік. Бір сөз, бір сөй­лемді қалдырмай талдап, тал­қыға салдық. Қысқартатын сөз­дерді қысқарттық. Біраз толық­тырулар да енгіздік. Қазақ пен ағылшын тілін де салыстырдық. Шетелдік режиссерлер Шыңғыс хан туралы, Ұлы қағанның бір­не­ше әйел алғанын біледі. Бірақ Бөр­те туралы мүлдем хабары жоқ. Кейін Бөртенің болмысымен та­ны­са келе, керемет сезімге бөленді. Түр­кістан театры қойғаннан кейін италиялық режиссерлер елі­мізде қоямыз деп жоспарлап отыр. «Бөртенің» таныстырылымы өт­пей жатып-ақ жолы болып жатыр. Швей­ца­рия, Люксембург, Австрия мен Ауст­ралия елдері қызығушылық таны­тып, театрда сахналауға ниет білдірді. 2022 жылдың көктемінде Еуразиялық Шығармашылық ги­льдиясының мұрындық болуымен Аустралия­ның Мельбурн қала­сында «Бөр­тені» көрерменге ұсыну жос­парланып жатыр. Ке­лесі жылы 80 жасқа толамын. Сол режиссерлар шығармашылық топпен келіп, «Бөртені» өзінің Ота­нында қой­ғы­мыз келеді деген ұсыныс айтты. Соны естігенде көзімнен жас шығып кетті. «Моң­ғолдың құпия шежіресінде» «қазақ» сөзі қаптап жүр. Соны неге көрмегенбіз?!. Еуропалық режис­серлерді таңғал­дырған дүние – «Бөрте» бейнесі. Біздің ата-баба­мыз­дың ғасырында мұндай қай­рат­ты, рухты әйел бол­маған деп бағалады. Бұл деге­німіз, Шың­ғыс ханның аяғы жетпеген Ба­тыс­қа «Бөрте» барады деген сөз.
– Пьесаның алғашқы оқыр­­­­маны, әдебиетіміздің мэтрі Әбдіжәміл Нұрпейісов екен. Белгі соғып оқуға дағ­дылан­ған классиктің қаламы тиме­ген бірде-бір бүтін парақ қал­мап­ты. Ең соңғы параққа «Жы­латтың ғой» деп жазған екен. Ал Мұхтар Құл-Мұхамед­тің де бір ауыз пікірі пьесаның атын өзгертуге ықпал еткені рас па?
– Ең алғашқы оқырманы – Мұх­тар Құл-Мұхаммед. «Таңшол­пан» бағдарламасында қонақ бол­­­ғанымда «Бөртені» жазып жа­тырмын деп айтқан едім. Соны естіп алып, өзі хабарласты. Мен бірін­ші оқырманы болайын, ма­ған жіберіңіз деді. Уәдемде тұрып, бітірген бойда оқуға жібердім. Көп уақыт өтпей хабарласып, аяғымды жерге тигізбей бір сағат мақтады. Мақтауды кім жақсы көрмейді дейсің, ал енді қандай сын-пікір ай­тасың деп едім, алты сынды жіп­ке тізіп айтып берді. Оның алтауын да енгіздім. Пьесаның алғашқы атауы – «Бөрте ханым» еді, «Бөртеге» өзгертті. Оны қабыл­дадым. Жошыны өлтіргенде оның мүрдесінен шынашағы ғана қалды деген дерек бар. Ақселеу Сейдімбек пен Әлкей Марғұланның еңбе­гінде де шынашақ деп келтірген. Мұхтар інім басқа саусақтардан бармақ бөлек тұрады, шынашақ­тан гөрі бармақты алыңыз деді. Оған да келістім. Одан кейін «Бөр­тені құтқаруға 4 түмен әскерімен бара жатырсыз. Әр түменде 10 мың әскер бар. Сонда 40 мың әс­кер болады. Азғантай ғана керейіт­терге 40 мың әскер көп емес па?» деген сөзіне ойланып қа­лып, әскер санын бір түменге азайт­тым. Осындай ірілі-ұсақты детальдарға мән беріп, ұзақ тал­қыладық. Әбдіжәміл Нұрпейісовке де жібердім. Ауырып жатқанына қарамастан, бірінші бөлімді оқып бір хабарласты. Екінші бөлімді оқығаннан кейін тағы телефон соқты. «Пьесаңның әр бетінде белгі бар. Бастан-аяқ көз алмастан оқып шықтым» деді. Шопырымды жіберіп қолжазбаны алдырттым. Ол кісі асқан ұқыпты ғой, белгі салмаған беті жоқ. Сөйлемдер арасынан мақал-мәтел тауып, астын сызыпты. «Здесь всего 70 страниц, но какие это страницы?! Здесь создана великая эпоха Чин­гиз хана, создан величайший образ великой женщины Бөрте» деп орысша сөйлем жаза келіп: «Әй, бала, жылаттың ғой!» депті. Осы жылы лебізін оқып, көңілінен шыққанын сездім. Оқыған адам­ның дені жылы пікір айтып жа­тыр. Соған қарағанда сәтті туын­ды болған сияқты. Шетелге шы­ғуым­ның да бір себебі «Бөрте» болып тұр.
– Оқыған адамдарға ұнап жат­қанын білдік. Ал өзіңізге пье­саның қай тұсы сәтті не­ме­се әлсіз болып қалды?
– Еуразиялық шығармашылық гильдиясымен жақсы байланыс орнатқанмын. Бірде кітабымды швед, ағылшын тіліне аударып жүр­гендер Алматыға келе қалды. Сол кезде «Бөртені» жазып жатқа­ным­ды айтқан едім. Оларды қы­зық­тыру үшін Шыңғыс хан мен Бөр­тенің ғұмырнамасынан кейін ең әсерлі диалогын айтып бер­ге­нім­де шетелдіктер сілтідей тынып тың­дады. Қойылым кезінде осы кө­ріністің тіпті жарқырап шы­ға­тынына сенемін. Осы жерге де шет жағасын айтайын. Халқы көкке көтеріп, қарсы келмек түгілі, жүзіне тіке қарай алмайтын жұр­тының арасынан Бөрте ғана суы­ры­лып шығып: «Сен ғана соғысқа той­майсың. Жақсылап ойлан, Тему­чин!» деп ерінің кем-кетігін бе­тіне басатын болған. Бөрте – Шың­ғыс ханға «сен» деп сөйлеген жер бетіндегі жалғыз адам. Бір күні шыдамы таусылған Шыңғыс хан Бөртенің басын өзі алмақшы болады. Бөрте өлімге бас тігіп, дайын­далады. Алаңға келіп, мой­нын созып, бәрі бітті деп жатқанда дү­ниежүзін жаулаған ұлы қол­басшы, хас батыр қолы дірілдеп, қынаптан қылышын суыра алмай жа­тады. Бөртенің өзі жүгіріп ба­рып, қылышын алып береді. Екі бұрымын жайып, енді шабады деп күтіп жатады. Бірақ Шыңғысхан қанша оқталса да, қолы бармайды. Бөрте «өзіңнің қолыңнан келмесе, жен­деттеріңе бер!» деп бұйырады. Олар­ға да біреудің басын алу мәр­тебесі бұйырсын дейді. Бөрте қа­сына мойынының қанын жуу үшін екі ыдыс толы су алдырып қояды. Амалы таусылған Бөрте өле­рінің алдында ұлы Жошының өліміне әкесі Шыңғыс ханды кінәлайды. Мүмкін сол кезде ғана өлтіретін шығар деп ақырғы сөзін бастайды. «Жошы таққа таласып, орныма отырып алады» деп оны өлтіруге сен бұйрық бердің дейді. Жендеттерің сенің бұйрығыңды бұлжытпай орындады. Жошының денесін құландардың арасына апарып тастады. Оны құландар шайнап, денесін жоқ қылды.
Міне, он екі мүшесінен қалған жалғыз бармағы» деп қаны қатып қалған матаға оралған саусақты көрсе­теді. «Екеуміздің баламыздан қал­ған жалғыз белгі осы» дейді. Сол кезде Шыңғыс хан еңкілдеп жы­лап жібереді. «Хан жыласа, қара халық қайтпек?! Есіңді жиып, беліңді бу!» деп өзіне әкеліп қой­ған суға ханның бетін жуады. Есін жинағаннан кейін, қолымен нұс­қап, Бөртені жанына шақыра­ды. Қос бұрымынан сипап, шешіле сөйлейді: «Сен маған ақ періште болып келіп, өмірлік серігім болыпсың. Құтқарушым болып, ажалдан аман алып қалдың. Тіпті, менің ұлы қаған болуымның өзі сенің арқаңда, сенің ақылың» деп ризашылығын білдіреді. Дәл сол кезде Қарақорымнан хабаршы келіп, Шыңғыс ханның шешесінің өлімін естіртеді. Жол ұзақтығы 78 күн жүріп, шешесін ақтық сапарға шығарып салады. Көзінің тірісінде жауда қалған 11 баланы асырап алып, бағып-қаққан анасына түк қызық көрсетпедім деп Шыңғыс хан өкінеді. Бөрте төркін жұрты­мен, Қыпшақ даласымен қошта­сып, Жошының бармағын алып, Ұлытауға жерлеуге бекінеді. Сахна шымылдығы Бөртенің қоштасу монологымен аяқталады. Осы сәт­тінде ерекше тебіренгенім рас. «Бөр­теге» бүкіл күш-жігерімді жұм­саған сияқтымын. Шығарма біткен соң, он күн бойы жынынан айырылған бақсыдай, салым суға кетіп, сылқ түсіп жүріп алдым. Еш­теңеге зауқым соқпай қалды.