Кенесары ханның бас сүйегі табылды

368

Тарихшы Зиябек ҚабулдиновҚазақстанға Кенесары ханның бас сүйегін қайтарады. 

Тарихшы Зиябек Қабулдинов Кенесары ханның бас сүйегін қайтару бойынша жұмыстардың басталғаны жөнінде сүйінші хабар жеткізді. Ол өзінің Ресей Мәдениет министрлігі құрған арнайы комиссия құрамына шақырту алғанын мәлімдеді. Тарихшының сөзінше, Қазақ хандығының соңғы ханының бас сүйегін қайдан, қалай тапқаны туралы ақпарат әзірге құпия.
 
”Мен ұлы ханның бас сүйегін қайтару үшін құрылған сарапшылар комиссиясының құрамына кірдім. Бүгіннен бастап ұлттық тарихымыздың мүлде жаңа кезеңі басталады. Бүгін ынтымағы жарасқан екі мемлекет Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас тарихында жаңа деңгейге өтеміз, достығымыз одан әрі нығайып, бейбіт қарым-қатынас тереңдей түспек. 

Мен Ресейдің Мәдениет министрлігі тарапынан Кенесары ханның бассүйегін қайтару жұмыстары бойынша ресейлік сарапшылар комиссиясының құрамына шақырту алдым. Келістім. Сүйінші! Кенесары ханның бассүйегі табылды! Мен оның қалай табылғаны немесе оның қай жерде жатқаны туралы нәзік нәрселерді жеткізе алмаймын. Ол белгілі бір ресмилікті талап етеді және ол дипломатиялық деңгейдегі дүние. Бірақ бұл бастаманы Ресейдің жоғары билік өкілдері көтеріп отырғаны анық!”, - деп жазды тарих ғылымдарының докторы Зиябек Қабулдинов.

Сәл кейінірек, ғалым парақшасындағы жазбасын алып тастады.
 
Журналист Нұргелді Әбдіғани тарихшының сүйіншілеген жаңалығын өз аузынан естігенін жазды. 
"Бүгін Зиябек Қабулдинов мырзаның сүйіншілеген жаңалығын оқып, өзіне хабарластым. Естігенім расталды. Зиябек мырза: «Ұлы ханның бас сүйегі мен жеке заттары (мылтығы, дулығасы және т.б) Қазақстанға оралуына бірнеше апта немесе бірнеше ай ғана қалды», - деп жазыпты. Сол күнді асыға күтемін. Бұл өте күрделі іс екені түсінікті. Сондықтан, Ханның бас сүйегін елге әкелу ісінде қазір ағаттық жіберуге болмайды деп есептеймін", - дейді журналист. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.