Министрлік Қастеев музейіне қатысты мәселеге түсініктеме берді
Еліміздің «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңына сәйкес, ескерткіштерді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында:
1) қорғау аймақтары;
2) құрылыс салуды реттеу аймақтары;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қорғалатын табиғат ландшафт аймақтары болып бөлінеді. Мұражайдың салқындату және кондиционерлеу жүйесі мұражайдың өзі құрылған сәттен бастап, яғни 1976 жылы жүргізілгенін атап өткен жөн. Министрлік мәлімдемесінде дер кезінде әрекет етудің арқасында мұражай мен Central Esentai Resedence тұрғын үй кешенінің құрылысын жүргізген тарап келіссөз жүргізгені айтылған. Оның нәтижесі бойынша құрылыс жүргізген тарап бұл жағдайды реттейтінін жеткізіп, уағдаластыққа қол жеткізді. Бұл мәселе министрліктің тұрақты бақылауында болады.