Әзербайжан президенті Олжас Сүлейменовті орденмен марапаттады

426

Фото: Олжас Сүлейменовтың жеке қорыӘзербайжан президенті Ильхам Әлиев 18 мамырда Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстың дамуына қосқан үлесі үшін Олжас Сүлейменовті «Şərəf» орденімен марапаттау жөнінде өкімге қол қойды.


"Şərəf" (Абырой) ордені 2007 жылы құрылды. Орден Әзербайжан республикасына айрықша еңбек сіңірген тұлғаға экономика, ғылыми-техникалық дамуға, қоғамдық-мәдени прогреске қосқан үлесі үшін, ғылым, мәдениет, әдебиет, өнер, ағарту және денсаулық сақтау саласында ерен еңбегі үшін беріледі. 


Орден алтын мен платинадан жасалған сегіз қырлы жұлдыздан тұрады. Ішінде екі дөңгелек бар сыртқысы алтын, ішіндегісі платинадан жасалған.


 "АЗЕРТАДЖ" агенттігінің хабарлауынша, аталмыш марапат шетелдіктерден - Түркия президенті Сүлейман Демирелге, Ресей патриархы Кириллге, Еуропа олимпиада комитеттерінің президенті Патрик Хиккиге, Ресей опера әншісі Тамара Синявскаяға, ТАСС агенттігі бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусманға берілген. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.