Алматыда халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі өтуде

454
Алматыда «МӘҢГІЛІК БІРГЕМІЗ» атты Халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі өтуде- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде өтіп жатқан көрме адамзаттың ғарышқа тұңғыш рет ұшқанына 60 жыл толуы мен Қазақстандағы «Балалар мен жасөспірімдердің оқуын қолдау» жылына арналды.

Музейдің баспасөз қызметінің мәліметінше, көрменің 2021 жылғы ресми қуыршағы Көкшетаулық шебер Анастасия Елисееваның «Гагарин. «Ғарышта тұңғыш рет» атты жұмысы болып отыр. Бұл қуыршақ биыл ғарышқа ұшқан ресейлік кино тобының құрамында болған актриса Юлия Пересильдке тапсырылатын болады. Сондай-ақ, Анастасия Елисееваның «Гагарин» топтамасынан екі жұмыс Мәскеудегі Космонавтика музейінде өтетін тақырыптық көрмеге қатысуға шақыру алды.

«Мәңгілік біргеміз» Бесінші халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі 4-14 қараша аралығында Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде өтеді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.