Жұмыс үстінде мерт болды
Көкшетауда 18 жастағы жігітті ток соғып, қаза тапты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 22 шілде күні болған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, 18 және 17 жастағы екі жігіт металл бұйыммен жұмыс істеп жатқан кезде қатты жел соғып, металл жоғары кернеулі электр желісіне тиіп кеткен.
Соның салдарынан екеуін де электр тогы соққан. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі 18 жастағы жігіттің көз жұмғанын анықтады.
Ал оның жанында болған 17 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.







