Үш жасөспірім өгей әкелерін қарындасына тиіскені үшін өлтірген: Енді олар өлім жазасына кесілуі мүмкін

343

АҚШ-та екі ағайынды және олардың досы өгей әкелерін өлтірген,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


Екі күннің ішінде Хидалго округінің 17 жастағы Кристиан Тревино және 18 жастағы Алехандро Тревино, сондай-ақ олардың досы және сыбайласы 18 жастағы Хуан Эдуардо Мелендесті бостуды сұрап, 204 мың қол қойылған петиция желіде таралды.

Тревинолар – бір әкеден, екі түрлі анадан туған бауырлар. 

“Біз Техас штатынан жеткіншектерді босатуды сұраймыз. Олар қарындастарын қорғаймыз деп енді қалған өмірін түрмеде өткізуі мүмкін”, – деді петиция ұйымдастырушысы Карлос Эдуардо.

Қазіргі уақытта үш жасөспірім қамауда отыр және олардың әрқайсысына 1 миллион доллардан астам кепілдік қойылған. Егер олар кісі өліміне кінәлі деп танылса, өлім жазасына кесілуі немесе мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ағайындылар өгей әкелері Габриель Кинтанильи 9 жастағы қарындастарына зорлық әрекеттерін жасады дегенді естіп, ашуға булыққан. Осылайша ағайындылар мен олардың досы Габриель Кинтанильидің үйіне барып, оны соққыға жыққан.

Біраз уақыттан кейін ағайындылар досы Хуанмен қайта оралып, ер адамды тағы да ұрған. Олар мұнымен тоқтамай, біраз уақыттан кейін қайта келіп, жолда жалғыз кетіп бара жатқан жерінен оған шабуыл жасаған. Содан кейін, полицияның мәліметінше, ағайындылар және досы Кинтанильиді кастетпен өлімші етіп ұрып-соққан. Артынша көліктеріне салып алып, жазық далаға апарып тастаған. Оның денесі сол жерден табылған. 

Жеткіншектерге қазір өлім жазасы қаупі төніп тұр. Себебі олар ер адамды көлікке салып, оны ұрлаған. Сондай-ақ оның денесінен құтылған соң ер адамға тиесілі заттарды алып кеткен. 

Полиция олардың аналарына қатысты кінә тағу мүмкін екенін де айтты. 

Сондай-ақ істі тергеу барысында тағы бір маңызды факт анықталды. Марқұм өгей әке балаларға жыныстық қысым көрсеткені үшін айыпталған болып шықты. Полиция мәліметінше, 2019 жылы тағы бір кәмелетке толмаған қыз 2014 жылдан 2016 жылға дейін Кинтанильи тарапынан қысым көргенін хабарлаған.