Қазақстанда жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады

1 390

Фото: pixabay.comҚазақстанда көктемгі кезеңде республикалық маңызы бар автожолдарды сақтау мақсатында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметінше, 2025 жылғы 1 наурыздан 1 сәуірге дейін жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық көліктерге "бесінші жол климаттық аймаққа" жататын келесі облыстарда жүруге тыйым салынады:

• Алматы облысы

• Атырау облысы

• Жамбыл облысы

• Ұлытау облысы

• Қызылорда облысы

• Маңғыстау облысы

• Жетісу облысы

• Түркістан облысы

Алайда халықаралық жүк және жолаушылар тасымалына, төтенше жағдайлар мен олардың салдарын алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын көліктерге, гуманитарлық көмек көрсететін, азық-түліктерді, дәрі-дәрмектерді, жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын көліктерге, жол-құрылыс жұмыстарына пайдаланылатын көліктерге бұл шектеулер қойылмайды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.