Жұмыс үстінде мерт болды

1 512

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Оpennews.kz ЖИКөкшетауда 18 жастағы жігітті ток соғып, қаза тапты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 22 шілде күні болған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 18 және 17 жастағы екі жігіт металл бұйыммен жұмыс істеп жатқан кезде қатты жел соғып, металл жоғары кернеулі электр желісіне тиіп кеткен.

Соның салдарынан екеуін де электр тогы соққан. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі 18 жастағы жігіттің көз жұмғанын анықтады.

Ал оның жанында болған 17 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.