Мадоннаның өзіне киім тігіп, Louis Vuitton-да басшылық қызмет атқарған қазақ кім
349
Теріден киім тігу шебері Мұстафа Услуджан жиырма жасында Францияға көшіп, он бес жылдай Louis Vuitton сән үйінде теріден киім тігетін топтың басқарушысы қызметін атқарып, сосын Balenciaga-ға жұмысқа ауысқан. Есімі әлемге мәшһүр америкалық әнші Мадоннаға арнайы киім тіккен ол қазір Chanel компаниясында жұмыс істейді. Алдағы уақытта қандасымыз Франциядан Қазақстанға арнайы келіп, қазақ балаларына теріден түрлі бұйым жасауды үйретуді мақсат етіп жүр.
Мұстафа Услуджан киім тігуді 13 жасында Түркияда үйренген. Айтуынша, әке-шешесі - Алтайдан басталған көш керуенімен бірге Үндістан, Пәкістан арқылы 1953 жылы Түркияға жеткен қазақтар.
"Әке-шешем – Алтайдан басталған көш керуенімен бірге Үндістан, Пәкістан арқылы 1953 жылы Түркияға жеткен қазақтар. Бастапқыда біздің әулет Түркияның Алтай деген ауылына тұрақтады. Сосын 1974 жылы отбасымызбен бірге Стамбұлға көшіп, сол жерде өсіп-өндік.
Сосын 1983 жылы жиырма жасымда Францияға жалғыз өзім жұмыс істеуге келдім. Әдепкіде француз тілін білмегендіктен жұмыс табу қиынға соқты.
Бірақ теріден киім тіге білетіндіктен жұмыссыз қалмайтынымды білдім. Сөйтіп, бір жерден жақсы жұмыс табыла кетіп, осы іспен кәсіби түрде шұғылдана бастадым.
Қазір есептеп қарасам, осы кәсіптің нәсібін көріп келе жатқаныма отыз сегіз жылдай уақыт болыпты. Кейін киім тігумен айналысатын түрлі компанияларда жұмыс істедім. Сосын Hermès сән үйінде, одан соң Louis Vuitton компаниясында он бес жыл еңбек етіп, басқарушы қызметін атқардым.
Онда қоластымда қызмет ететін тігіншілерге «Мынау былай тігіледі. Ана киімді былай тігу керек» деп ақыл-кеңесімді айтып, түзету енгізіп отыратынмын. Сосын 2014 жылы Balenciaga сән үйіне ауыстым. Ал қазір Balenciaga-дағы жұмыс орнымды ауыстырып, Chanel компаниясына жұмыс істеп жатқаныма екі айдың жүзі болды", - дейді ол.
Мұстафа Услуджанның әпкесі мен жездесі де Louis Vuitton сән үйінде жұмыс істейді екен. Одан бөлек, Chanel компаниясында жұмыс істейтін қазақтар аз емес.
"Жалпы, Париждегі әйгілі сән үйлерінде киімді керемет тігетін қазақтар жетерлік. Әрқайсысында екі-үш қазақ жұмыс істейді. Одан бөлек, бір қазақ жігітінің жеке тігін фабрикасы бар", - дейді маман.