Ресей миллиардері қазақ тілінде кітап шығаруды қолға алмақ
392
Ресейдегі ең бай миллиардерлер қатарына енген Игорь Рыбаков қазақ тілінде кітап шығаруды қолға алмақ. Бизнесмен, меценат әрі қоғам қайраткері саналатын ресейлік олигарх отандық баспагер Арманжан Байтасовтың Baitassov Live YouTube-каналына сұқбат беріп, қазақ аудиториясына неліктен қызығып отырғанын айтып берді.
Игор Рыбаков Forbes Russia нұсқасы бойынша Ресейдегі ең бай адамдар қатарына енген.
Ол өнеркәсіп саласынан бөлек, бүгінде бизнес-коуч ретінде де өзін дамытуда. Табысты кәсіпкер әлеуметтік желілерде парақша ашып, жеке YouTube-каналын жүргізуде. Одан бөлек, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, орыс тілінде бірнеше кітаптардың авторы атанған.
Сұхбат барысында Рыбаков Қазақстанға арнайы келгенін және қазақстандық жазушы болғысы келетінін атап өтті. Қазақ ұлтына өте жақын екенін жасырмайтын миллиардер өткен өмірінде "қазақ болғанын айтады".
"Қандай нәрсені қолға алсам да, ол үнемі көп ақша әкеледі, сәтті болады. Бұл ретте мені ақша жақсы көреді дер едім. Ал мен болсам оған жай ғана дәл солай жауап берем. Бір қызығы, мен кейде бұрынғы өмірімде қазақ болған шығармын деп ойлаймын. Өзіңіз қарап көріңізші, менің YouTube-каналыма 1,5 млн-ға жуық адам тіркелген, соның 10 пайызы - қазақстандықтар.
Тағы бір айта кетерлік жайт, 16 жасымда құрылыс отрядымен бірге Қостанайдағы құрылысқа келген едім. Екі айдың ішінде сонда жүріп мен 1300 рубль тапқанмын. Қазақстанмен арада бір байланыс бары анық", - дейді Рыбаков.
Игорь Рыбаков, сонымен бірге, Қазақстанға келуінің себебін де жасырмады. Қызығушылығы бар адамдарға бизнестің қыр-сырын үйретіп жүрген ол қазақстандық көрермендерге тың туынды ұсынғысы келетінін жеткізді.
"Біріншіден, мен қазақстандық жазушы болғым келеді. Мен өзіммен бірге кітабымды алып келдім. Осы кітапты және басқа да еңбектерімді қазақ тілінде шығарсам деймін. Жоғарыда айтып кеткенімдей, менің арнамдағы жазылушылардың 100 мыңы Қазақстаннан.
Қазақ тілінде видео жасай аламын ба, ол жағын білмеймін, бірақ кітаптан бастасам да болады. Әрине, мәдени-тарихи контексті де ескеру керек. Себебі, ол болмаса білімді адамдарға сіңіру де қиынға соғады. Білімді адамдардың, қоғамдастықтардың мәдени-тарихи ерекшеліктеріне назар аудара отырып, беруіміз керек. Бұл - маңызды. Менің еңбектерімде құнды дүниелер туралы көп жазылған. Сондықтан, менің кітабым қазақ тіліне аударылуы керек", - дейді ол.