"Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасының Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы

502
Қоғамдық Даму басқармасының Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің бюасшысы Ибраев Уалихан, "Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасының қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

1.Облысымыздағы «Рухани жаңғыру» орталығын үстіміздегі жылы мемлекет тарапынан қаржыландыру қанша теңгені құрайды? 
Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы 2017 жылдың 14 желтоқсанында «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жанынан құрылды. 2021 жылдың 2 наурызында облыс әкімдігінің №221 Қаулысы негізінде «Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Рухани жаңғыру» орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.
Орталық 2018 жылдан бастап Сырдария өзенінің сол жағалауынан салынған Қазақ Орталық Атқару Комитеті ғимаратының бұрынғы үлгісіндегі (КазЦИК) тарихи ғимаратта орналасқан.
Мекеме 4 бөлімнен және 19 штаттық бірліктен тұрады. Олардың ішінде 1 ғылым кандидаты, 1 PhD докторы және 3 ғылым магистрі бар. 


«Рухани жаңғыру» орталығы» КММ-нің 2022 жылға жұмысын қамтамасыз ету үшін 48 167,0 теңге қаралған, оның 10 900,0 теңгесі республикалық бюджеттен.
2. Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының бүгінгі күнге дейін атқарған жұмыстары қандай?
4. «Рухани жаңғыртудың» бастапқы 6 бағыты бойынша жасалған жұмыстардың нәтижелері бар ма?
Рухани жаңғыру бағдарламасының негізгі 6 бағыты Тұлғаны дамыту (білімнің салтанат құруы, прагматизм, бәсекеге қабілеттілік, сананың ашықтығы), Ұлттың дамуы, халықаралық позициялау (ұлттық бірегейлікті сақтау) және Мемлекеттің, азаматтық қоғамның, жергілікті қоғамдастықтардың дамуы (мемлекеттің революциялық емес, эволюциялық дамуы) секілді негізгі 3 бағытқа топтастырылған.
Сонымен қатар, Бағдарлама мен «Ұлы Даланың 7 қыры» мақаласынан туындайтын мәселелерді жүйелі орындау мақсатында барлығы 17 арнайы жобамен (Қазақстанның 100 жаңа есімі, Туған жер, Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы, Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық, Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру, Ауыл - ел бесігі, Архив-2025, Ұлы даланың ұлы есімдері, Түркі әлемінің генезисі, Ұлы даланың ежелгі өнер мен технологиялар музейі, Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы, Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі, Дәстүр және ғұрып, Еңбек – елдің мұраты, Үнем – қоғам қуаты, Құқықтық мәдениет) жұмыс жүргізілуде.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалынған ауқымды жұмыстар барысында қоғамдық сананы жаңғыртуға, ұлттың бәсекелік қабілетін арттыруға және азаматтардың рухани кемелденуіне қосқан үлесі зор. Тарихи ескерткіштерді түрлі экспедициялар арқылы танып білуден бастап, заманауи технологияларды дәріптеу мен үйренуді көздейтін аталмыш Бағдарлама аясында бірқатар жұмыстар жүзеге асырылды.  
Орталық тарапынан өткізілетін дәстүрлі шаралар «Жомарт жүрек» байқауы, «Астана – алты алаштың рухани темірқазығы» тақырыбында оқырман сағаттары, «Рухани Жаңғыру – Сыр жастарының құндылық бағдары» тақырыбындағы дөңгелек үстелдер, өскелең ұрпақтың арасында оқу мәдениетін ілгерілету арқылы жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларын қалыптастыру мақсатында «Ауылыма кітап» республикалық қайырымдылық акциялары, «Ақылды ұрпақ» жобасы аясында «Ғылым және технологиялар: бәсекелік қабілет» атты жас ғалымдармен кездесулер, дәстүрлі тағамдарды қайта жаңғыртуға бағытталған «Дұрыс тамақтану мәдениеті» тақырыбындағы гастротурлар, Tedx форматында жастармен кездесулер, «Үздік еңбек династиясы» тақырыбындағы еңбек адамын насихаттау шаралары, «AQYL-BATТLE», «ІQ DODA» зияткерлік ойындарын өткізу мен республикалық жарыстарға жастарды қатыстыру, «Мен инженерді тәрбиелеймін» тақырыбында 5-10 жас аралығындағы мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушылары арасында робототехникадан облыстық байқаулар, «Kyzylorda Business Hub» стартап жобалар байқауын ұйымдастыру және т.б. шаралар Бағдарламаның мақсаттарына жетуге өз септігін тигізіп келеді.


Мәселен, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында 545 тарих және мәдениет ескерткіштері мемлекет қорғауына алынды. Оның ішінде жал¬пыұлттық деңгейдегі қасиетті нысан тізіміне 12-сі енгізілді (Бегім ана мұнарасы, Жанқожа батыр мазары, Жанкент қалашығы, Қорқыт ата ескерткіш кешені, Шірік-рабат қалашығы, Бұқарбай батыр мазары, Жент қалашығы, Қазан богородный шіркеуі, Оқшы ата кесенесі, Сығанақ қалашығы, Төлегетай-Қылышты ата кесенесі, Хорасан ата кесенесі).
«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» арнайы жобасы аясында облыстық филармония көркемдік кеңесінің тыңдауы өткізіліп, қобызшылар ансамблі өз жұмысын бастады.
 «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасынан Сыр өңірінен 6 тұлға жеңімпаз атанды (педагог-психолог – Сымбат Әбдірахманова, журналист – Назгүл Кенжетай, кәсіпкер – Айдос Сайлығараев, хирург-дәрігер Болатбек Баймаханов, тоғызқұмалақшы Әсел Дәлиева, селекционер-ғалым Александр Подольских). Аталған азаматтар облыс көлеміндегі түрлі мәдени-көпшілік, ғылыми-танымдық бұқаралық-спорттық шараларға қатысып, өңірдің дамуына өз үлестерін қосып келеді.
Орталық ұжымының жетістіктері:
«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының 2019 жылғы қорытындысы бойынша «Қорқыт ата мұрасын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында 3 тілде шығарылған «Қорқыт атаның даналық сөздері» кітабы мен «Ізденіс» жасыл академиясының жастарды бау-бақша өнімдерін өсіру арқылы еңбекке баулу жобалары үздік деп танылды. 
Ал, 2020 жылдың қорытындыысы бойынша  өз саласы бойынша жетістікке жеткен азаматтарды насихаттау, жастарға үлгі ету, қызметін, еңбек жолын таныстыру мақсатындағы «Тұлға» және өткенімізді саралап бүгінгімізді бағамдай отырып, келешек ұрпақтың бойына ұлттық өнерімізді, салт дәстүрімізді сіңіру, ел арасындағы талантты жастарды жыр әлеміне шығару, жыр­терме мектебін ашуға арналған «Жыр мұра» жобалары ең жоғары бағаға ие болды.
Орталық ғалымдары «Сыр бойының сакралды ескерткіштері: мифтер, аңыздар, хикаяттар» (аудиожазбасымен) атты кітабын, 3 тілде шығарылған «Қорқыт атаның даналық сөздері» кітабын (2019 ж.) және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай үш тілде жарық көрген «Сыр – Алаштың анасы» атты кітабын (2021 ж.) әзірлеуге үлес қосты.
Сонымен қатар, Қорқыт Ата атындағы ҚУ-нің ғалымдарымен және Қызылорда бизнес хаб өкілдерімен республика көлемінде тарату үшін «Әлеуметтік жобалар Акселераторы» жобасына видеодәрістер әзірленіп, таратылды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша Алматы облысында өткізілген «IQ DODA» республикалық интеллектуалдық сайысында облыстың командасы жүлдегер атанды. 
2021 жылы орталықтың Бағдарламаны ғылыми-сарапшылық және әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмысы республика көлемінде озық деп танылып, тәжірибесі өзге өңірлік жобалық офистерге таратылды.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы негізінде «Сыр жұрты» танымдық-пассионарлық жобасы әзірленіп, жүзеге асырылуда.
2022 жылдың алғашқы жартыжылдығында Бағдарламаның негізгі мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін төмендегідей іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, Білімнің салтанат құруы бағыты бойынша:
Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығыныың «YouTube» видеохостингінде тарихи қайраткерлер туралы тұрақты түрде бейнебаяндар жарияланып келеді. 
21 ақпан күні ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында «Ахмет Байтұрсынұлы тағылымы және жаңа қазақ жазуы» тақырыбында зиялы қауымның және жастардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Сананың ашықтығы бағыты бойынша:
Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын кеңінен дәріптеп, ұмыт болғанын жаңғыртып, заман көшіне сай ұлықтап, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылығымызды сіңіру, балалар шығармашылығын дамыту мақсатында «Қылқалам бейнелеген қазақылық» тақырыбында облыстық сурет салу байқауын ұйымдастырды. 
4 маусым – Рәміздер күніне орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасында «Қасиет тұнған қастерлі құндылықтар» танымдық шарасы өткізілді.
Прагматизм бағыты бойынша өңірде ірі кәсіпорындар мен компаниялар, демеуші азаматтар мен меценаттар есебінен 102 шара ұйымдастырылып, оған 66,8 млн.теңге көлемінде қаражат тартылды.
Жаңақорған ауданының Төменарық елді мекенінде 1931-1933 жылдардағы ашаршылық пен жазалаудан қаза тапқандарға арнап ескерткіш орнатылды. Ескерткіш құрылысының бастамашылары осы ауылдың 1979-ғы мектеп бітіруші түлектері (500 000 мың тг.).
Тасбөгет кентіндегі Амангелді көшесінің бойына жеке кәсіпкер өз қаражаты есебінен дренажды ұңғыма орнатып, ағаш көшеттерге тамшылатып суару әдісін пайдалануда.
«Еңбек-Жер» ЖШС төрағасы Ш. Ысқақов Сәбилер үйіне құны 4,0 млн. теңге болатын «Тұзды шахта» бөлмесін және күндізгі бөлімдегі ауылдық емхана ұжымына жалпы құны 11,0 млн теңгені құрайтын УЗИ аппаратын тарту етсе, бүгінде заманауи медициналық құрылғының игілігін ауыл халқы көріп отыр. (15,0 млн.тг.).
Жаңақорғандық жалғызбасты ана А. Абдрасиловаға және тұрмысы төмен отбасына кәсіпкер, дизайнер Г. Қасым жеке қаражат есебінен баспана кілтін табыстады. (13,0 млн тг.).
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде профессор «Ермахан Нұрахметов атындағы дәрісхана» ашылды. Дәрісхананың заманауи үлгіде ашылуына профессордың ұлы С. Ермаханұлы қаржылай демеушілік жасады (13,0 млн.тг.).
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 85 жылдығы аясында Тарих мамандығының 1994 жылғы түлегі Алмат Мереков өз жеке қаражаты есебінен №1 оқу ғимаратындағы Мәди Кереев дәрісханасына интерактивті тақта орнатты(1.2 млн. тг.).
«Углесбыт» ЖШС директоры Р. Есенов «Жалын» сауықтыру лагеріне құны 600 мың теңге тұратын музыкалық құрылғыны сыйға тартты.
Барлық аудандарда «BIRGE – TAZA QAZAQSTAN» тазалық акциясы бойынша жүргізілді.
Сырдария ауданына қарасты Қалжан ахун ауылының тұрғыны 
Г. Махамбетова «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы арқылы қайтарымсыз грант ұтып, ауылда наубайхана ашқан. Қазір үш елді мекенді ыстық нанмен қамтып келеді.
Бәсекелік қабілет бағыты бойынша:
Техника мен технологияның үздіксіз дамуы өркениетті елдің қарымды қадам басуына жол ашады. Электронды техниканың дамуы өндіріске бастайтыны белгілі. Бүгінде жаңашыл форматта тың технологияға бет бұру жүйелі жолға қойылған. Осы ретте 1-15 маусымы аралығында «Мен инженерді тәрбиелеймін» тақырыбында мектеп жасына дейінгі балалар арасында робототехникадан облыстық онлайн байқау өткізілді. 
Шара балалардың инновациялар мен жоғары технологиялар саласына деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, инженерлік-техникалық құралдармен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру және техникалық модельдеуді насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. 
Ұлттық бірегейлікті сақтау бағыты бойынша ақын, педагог Сәнімкүл Желдербаеваның 90 жас мерейтойына және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай!..» атты облыстық келіндер форумы өтті.
Форумның мақсаты жас ана, асыл жар, қазақ келіндерін ұлттық рухта тәрбиелеу, ана тілін, ұлттық мәдениетін құрметтеу, жас отау тәрбиесін ұғындыру, қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлін арттыру, қазақы қалыптарды сақтай отырып, заман талабына сай жан-жақты дамыған тұлға етіп, болмысын қалыптастыруға негізделді.
Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы бағыты бойынша:
Орталықтың ғылыми-сараптамалық және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері Б. Әлібай Қызылорда қаласының тарихы музейіне таза күмістен әшекей жабыстырылып, былғарыдан жасалған көне ер-тоқым сыйлады.
«Алтын асар» қалашығында ғылыми қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Оған орталық қызметкері, жас археолог Б. Әлібай қатысты. 
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай  «Достық» үйінде «Қазақстандағы саяси-қуғын сүргін: Сыр өңіріндегі нәубет жылдар шежіресі» атты облыстық ғылыми-танымдық конференциясы өтті. Конферецияға өңірдің тарихшы ғалымдары мен қоғам қайраткерлері қатысып, өскелең ұрапаққа тарихтан сыр шертті. 
Қала және облыс тұрғындары арасында Қызылорда қаласының астана болған жылдарын жадында жаңғырту және өлке тарихына қызығушылығын арттыру мақсатында «Ұлт қайраткерлерінің Қызылордалық кезеңі (1925-1929 жж.)» аясында онлайн лекциялар мен кездесулер өткізілді.
Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы өз жұмыстарын әлеуметтік желідегі инстаграм (ruhani.jangyru.kzo), фейсбук (ruh.ortaliqkz) парақшалары және 2021 жылдан бастап «Сыр жұрты» веб-сайты (//syr-jurty.kz/) арқылы жариялап келеді. 
Халықпен, оқырмандармен кері байланыс орнатуда мақсатында инстаграм және фейсбук әлеуметтік жілелеріндегі іске қосылған және уақытылы жауап беріледі. Халықтың өз пікірін білдіруі үшін пікір қалдыру бөлігі ашық. 
3. Бүгінгі күнге дейін халықты рухани жаңғырту жолында атқарылған жұмыстар барысында қандай кедергілер болды?
Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы құрылғаннан бастап жан-жақты қолдауға ие. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында салалық басқармалармен, мекемелермен және басқа да ұйымдармен жан-жақты байланыс орнатылған. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында ешқандай кедергілер орын алмады.