Сыр өңіріндегі «Жыр мұра» жобасы ұлттық өнерге баулиды
370
«Жыр мұра» жобасы аясында жас ұрпақты жыр-терме мен қобыз тартуға баулуға мән беріліп отыр. Қазір 50-ден аса үйірмеде 500-ден аса шәкірт тәрбиеленіп жатыр- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдегі белгілі жыр жампоздарымен кездесті. Еркін форматта әңгімелесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Кездесу алдында ұлттық өнерді айшықтайтын арнайы көрме тамашаланды. Онда ұлттық аспаптар мен бірнеше жыр-жинақтар ел назарына ұсынылды.
Кездесу барысында белгілі жырау Алмас Алматов облыс әкіміне дәстүрлі өнерге көрсеткен қамқорлығы үшін алғыс білдірді. Осы кезге дейін ұсыныс ретінде айтылған Түркітілдес халықтарының дәстүрлі өнер академиясында ән-күй, жыр, айтыс, би бағыты бойынша жастарға грант бөлуді ұсынды.
Ал, жыршы, Мәдениет қайраткері төсбелгісінің иегері Берік Саймағамбетов Қызылорда қаласында «Сыр сүлейлері музейін» ашу туралы ұсыныс айтса, дәстүрлі әнші Ақмарал Ноғайбаева облыс әкімінен Нартайдың шығармашылығына экспедициялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етуін сұрады.
Өңірдегі «Жыр мұра» жобасы аясында ашылған жыр-терме, қобыз сынды 50-ден аса үйірмеде 500-ден аса шәкірт тәрбиеленуде.
Үйірмелерден шыққан өнерпаздар республикалық, халықаралық деңгейдегі жыр додаларында жүлделі орындарды иеленумен қатар, дәстүрлі өнер мамандықтары бойынша арнаулы, жоғары оқу орындарында білім алып жүр.