Қазақтың кең даласын кимонода айнытпай бейнелеген жапондықтар елді сүйсінтті

329
Жапонияның Фукуока әкімшілік бірлігіндегі кимоно шығарушы компанияның президенті Йошимаса Такакура дүниежүзі елдері бейнеленген жапон ұлттық киімін тігіп, әлем назарына ілікті. Компания басшысы өз кимоноларында қазақ елін де айнытпай бейнеленген.

50 жастағы компания басшысының айтуынша, дизайны ерекше кимоноларды ол "Токио-2020" жазғы Олимпиадасына қатысатын елдердің бай тарихымен байланыстыратын көрінеді. 


Дизайнер осы арқылы әлем елдерінің тарихын көрсетіп қана қоймай, жапондық кимоно тігушілерге де ел назарын аударамын деп отыр.


 Жоба 2014 жылдан бастап қолға алына бастаған. Осы уақыт аралығында жапондық шеберлер әзірлеген кимонолар Токио мен АҚШ-та өткен сән көрсетілімдерде жұрт назарына ұсынылған.


 Сондай-ақ, идея авторының айтуынша, кимонода бейнеленетін суреттер мен оюларды іріктейтін команда әр елдің тарихы, мәдениеті мен климатына, табиғаты әсем жерлеріне аса мән беріп, зерттейді. 


Жапондықтар қазақ елі бейнеленген кимоно да тіккен. Оны 2016 жылы Кумико Мачида атты дизайнер әзірлеген екен. 


Кимонода Орталық Азияның
 кең даласы мен қазақ елінің қайтпас өр мінезінің символы саналатын жылқы көрініс тапқан. Сонымен бірге, кимононың сол жақ шетінде шуағын шашқан күн бейнеленген. Жапондықтар әзірлеген ұлттық киімнен бұдан бөлек, қазақтың кең даласын, Astana Expo-2017 көрмесінің символы саналатын жел диірмендерін көруге болады. 
Қазақстанға арналған кимононы әзірлеген Каори Шинкай онымен бірге көк түсті белдікті де дайындаған. Еліміздік көк байрағы түстес белдікте қызғалдақтардан өрілген шырмауықтарды көруге болады. 


Тошимаса Такакураның сөзінше, Күн Шығыс елі үнемі өзге елдердің мәдениетіне құрметпен қарайды.


 "Мен осы арқылы кимоно тігетін шеберлерге өздеріне деген сенімдерін қайтарғым келді. Сол сияқты осы кимоно арқылы өзге елдің салт-дәстүрін таныстырып қана қоймай, олардың кимоноға деген қызығушылығын арттырғым келді", - дейді ол.