Қазақстанның Орталық әскери оркестрі Дохада өтетін фестивальде өнер көрсетеді

2 540

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігіҚазақстан Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі мен Құрмет қарауылы ротасы Катарда өтетін І Халықаралық әскери музыка және марштар фестиваліне қатысады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл мәдени шара елдің Ұлттық күні аясында ұйымдастырылып отыр.

Фестиваль репертуары туралы Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрінің бастығы подполковник Мақсат Шәкенов айтып берді.

— Фестивальде биыл 100 жылдығын атап өткен қазақтың ұлы композиторы Нұрғиса Тілендиевтің әуендерінен попурри орындаймыз. Сонымен бірге көрермендерді Катардың танымал патриоттық әнімен қуантамыз. Біздің бағдарламамызды фольклорлық-этнографиялық оркестр, би тобы және Құрмет қарауыл ротасының дефилесі толықтырады, — деді ол.

Фестивальге Ұлыбритания, Иордания, Ирландия, АҚШ, Оман, Түркия және өзге де елдердің шығармашылық ұжымдары қатысады. Сондай-ақ Катардың элиталық әскери-музыкалық топтары өнер көрсетеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.