Республика күні:Жастар арасындағы кітап оқу чемпионатының жеңімпаздары марапатталды
Алматыда
«Кітап оқитын ұлт» жалпыұлттық марафоны аясында ұйымдастырылған жастар арасындағы кітап оқу чемпионаты қорытындыланды. Жобаға 200-ден астам адам қатысып, әлеуметтік желілерде әдеби шығармаларға арналған 100-ден астам бейнерецензия жарияланды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Үздік деп танылған алты қатысушы ақшалай сыйлықтарға ие болды. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері хабарлады.
Марапаттау рәсімі Республика күні қарсаңында Satbayev University қабырғасында өтті. Байқауды қалалық Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Skill All жобалық кеңсесі ұйымдастырды.
Қатысушыларға төрт кітаптың бірін оқып шығу ұсынылды. Олар: Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі», Олжас Сүлейменовтің «АЗ и Я», Мари Фавероның «Алтын Орда. Дала империясы әлемді қалай өзгертті» немесе Арман Әлменбеттің «Тергеуші» шығармалары.
Байқау шарты бойынша қатысушылар ұзақтығы бір минуттан үш минутқа дейінгі бейнерецензия дайындауға тиіс. Жастардан шығарманың мазмұнын жай баяндау емес, оны талдау, автордың негізгі ойын түсіндіру және тұжырымын бөлісу талап етілді.
Қаз
Рус






