Қазақстандық ғалым қант диабетін емдейтін жасуша ойлап тапты
654
Молекулярлық биология және биохимия институтының ғалымы Бақытжан Әлжанұлы I типті қант диабетін емдеуге арналған бірегей жасушаларды ойлап тапты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Болашақта құрылым науқас пациенттердің безіне трансплантацияланады. Қазіргі таңда әлемде І типті қант диабетін емдеу әдісі жоқ, пациенттер тек инсулин терапиясы бойынша емделеді. Қазақстандық биотехнолог өз жұмысында бұрын-соңды ғылымда қолданылмаған бета-клеткаларды алу әдісі арқылы бірегей нәтижелерге қол жеткізді.
«Біздің бұл әдісіміз бірегей болып есептеледі. Жасуша геномын өңдеу үшін қолданылатын CRISPR технологиясын пайдалана отырып, біз инсулин синтезіне жауап беретін ұйқы безінің жаңа жасушалық тізбегін жасадық. Нақты түсіндіріп өтсем, алынған жасушалар ерекше сипатқа ие, яғни жарықтың әсерінен олар инсулин деңгейін жоғарылатуы немесе оны төмендетуі мүмкін. Негізгі мақсатымыз - І типті қант диабетін емдеудің заманауи тәсілдерін табу болды. Атап айтқанда, өзінің табиғи инсулинін шығаратын жасушалық терапияны табу болды», - дейді Бақытжан Әлжанұлы.
Болашақта құрылым науқас пациенттердің безіне трансплантацияланады. Қазіргі таңда әлемде І типті қант диабетін емдеу әдісі жоқ, пациенттер тек инсулин терапиясы бойынша емделеді. Қазақстандық биотехнолог өз жұмысында бұрын-соңды ғылымда қолданылмаған бета-клеткаларды алу әдісі арқылы бірегей нәтижелерге қол жеткізді.
«Дифференциация және геномды редакциялау әдістерін біріктіру арқылы осындай нәтижеге қол жеткіздім. Бұл қорытындының бірегейлігі мен өзге әдістерден артықшылығы осында. Дифференциация - бұл адамның бағаналы жасушаларын ағзадағы кез келген органның жаңа жасушаларын алу үшін материал көзі ретінде пайдалану әдісі. Зерттеу кезінде бағаналы жасушалардан өңделген геномы бар ұйқы безінің жасушаларын алдық. ДНҚ-ны редакциялау әдісі - бұл гендік инженерия, ДНҚ-ның жеке құрылымдық элементтерін өзгерту. Яғни бұл жерде біз алынған ұйқы безінің жасушаларынан бірегей қасиеттерге қол жеткізгеніміз туралы айтып отырмыз. Дәлірек айтқанда, жасушалар инсулин деңгейін өз бетінше реттей алады. Бұл - әлемде алғаш рет ойлап табылған әдіс", - деп түсіндірді ғалым.