Кохлеарлы импланттың есту аппаратынан айырмашылығы неде?
508
Қазақстанда теңдесі жоқ бірегей әдістемені ШҚО мемлекеттік университетінің «Dana Bala» үздіксіз және инклюзивті білім орталығының жоғары білікті логопед-дефектологы Рауан Байчинов әзірледі, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Есту қабілетінен айрылған жандарға арнайы аппарат көмекке келеді. Дегенмен аппарат үнемі тиімді бола бермейді.
Осындай жағдайда пациенттер кохлеарлы имплантацияға жүгінеді. Бұл құрал есту қабілетін қалпына келтіруге бағытталған.
Кохлеарлы имплант - есту жүйкесіне тікелей әсер ететін және есту қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік беретін медициналық протез.
Ол әртүрлі жастағы науқастарға арналған. Кохлеарлы имплант пен есту аппаратын салыстырып, қайсысы жақсы деген сауал жиі қойылады.
Айта кетсек, есту аппараты тек дыбысты күшейтеді және естудің тұрақтылығын қамтиды.
Есту аппаратының сенсорлық немесе нейросенсорлық болып бөлінеді. Ал кохлеарлы имплант екіжақты есту қабілетінің жоғалуы немесе ауыр дәрежелі саңырауларға арналған.
Имплант - саңырау немесе есту қабілеті нашар жандарға есту қабілетін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін миниатюралық электронды құрылғы.
Имплант ақпаратты электрлік сигналдарға түрлендіреді және оларды электродтарға жібереді.
Әрбір электрод жоғары және төмен жиілік диапазонының белгілі бір тонусына сәйкес келеді. Содан кейін есту жүйкесіне электрлік импульстарды жеткізеді. Осылайша, шаш жасушаларының қызметі орындалады. Одан әрі есту жүйкесі ақпаратты миға жеткізеді.
Имплантациядан кейін науқас бірден естиді деген қате пікір. Нәтижеге қол жеткізу үшін операциядан кейін ұзақ оңалту қажет. Оның барысында пациенттің имплантқа бейімделуі және тыңдауға үйрену процесі жүреді.
Дәрігерлердің айтуынша, операция 1-2 сағатқа, ал оңалту 9-12 айға созылады. Бұл пациенттің осы сигналдарды қалай тез қолдануды үйренуіне байланысты. Есту қабілетінің қалпына келуі операцияның сәтті өтуіне және 50% оңалту кезеңіне байланысты.
Айта кетейік, күні кеше қазақстандық ғалым есту қабілеті нашар балалардың тілін шығаратын әдістеме жасап шығарды.