Медицина және фармацевтика бойынша білім алуға ниетті талапкерлер үшін грант саны анықталды
1 221
Медицина және фармацевтика саласы бойынша білім гранттарының саны белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ашық НҚАпорталында жарияланған Денсаулық сақтау министрінің бұйрық-жобасында көрсетілгендей, биыл мемлекеттік тапсырыс негізінде еліміздегі ЖОО-ларда мына мөлшерде орын бөлінеді:
- мемлекеттік тапсырыс аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлау үшін 1 100 орын орын;
- медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлау үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында конкурс негізінде 1 600 орын;
- медицина кадрларын даярлауды жүзеге асыратын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға конкурс негізінде 275 орын;
- медицина кадрларын даярлауды жүзеге асыратын және ерекше мәртебесі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды магистратурада даярлауға 50 орын;
- жоғары оқу орнынан кейінгі ұйымдарда медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды PhD докторантурада даярлау үшін 160 орын;
- жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар мамандарды резидентурада даярлау үшін 2500 орын бөленеді.
Аталған орындар қандай оқу орындарынан бөлінетіні туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша өтіп, көруге болады.
Бұйрық-жобасы 25 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.