Нәрестені тастап кету оқиғаларын хабарламаған медицина ұйымдарына жаза күшеймек

195

Жаңа туған баланы тастап кеткенін хабарламаған медициналық ұйымдарға жаза күшеймек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Құжаттағы өзгеріске сәйкес ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне жаңа 135-1-бабы енгізілмек.  Атап айтқанда,
 
"Мемлекеттік медициналық ұйымдар және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды адамдарының жаңа туған баланы тастап кету, жетім балалар мен ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың келіп түсуі және жеткізілуі фактісін 3 күнде хабарламауы ескерту жасауға әкеп соғады. Көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол әрекет үшін 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады", – делінген жаңа редакцияда.

Жаңа өзгеріс күшіне енсе, баланы тастап кету фактілерін хабарлау, ішкі істер органдарына хат жолдау уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарларына жүктеледі.


Құжат 3 наурызға дейін көпшілік талқылауында болады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.