"Өз қаражаты есебінен вакцина салдыруы керек"

381
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин вакцинация төлқұжатын сатып алған адамдарға екпе салдыру туралы өз пікірін білдірді. Дәрігер мұндай азаматтар өз қаражаты есебінен екпе салдыруы керек деп санайды. 

"Бұл менің ұсынысым, халық бұл туралы айтып жүр, мен де қолдаймын, себебі олар залал келтірді. Олар екпе салдырмаған және вакцина барлық дерлік жағдайда төгілді. Сондықтан олар өз қаражаты есебінен вакцина салдыруы керек деп есептеймін. Себебі олар бюджеттік қаражатты шығындаған, қазірдің өзінде көптеген адам өз қателіктерін түсініп, өтініш беріп жатыр. Сондықтан олар өз қаражатына вакцина салдыруы керек деп санаймын", – деді Бекшин. Соған қарамастан, ол бұл оның жеке пікірі екенін, себебі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес вакцинациялау ақысыз екенін айтты. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.