Елімізде коронавируспен ауыру көрсеткіші 11% төмендеді
308
Соңғы 2 аптада елімізде коронавируспен ауру көрсеткіші 11 пайызға төмендеді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
«Қазірдің өзінде әлемде коронавирус инфекциясының 244 млн-нан астам жағдайы тіркелді. Ал бір тәуліктің ішінде 300 мыңнан астам жағдай тіркеліп жатыр. 4,9 млн-нан астам қаза тапты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының мәліметінше, соңғы 2 аптада 54 елдің 35-інде ауру өсімі байқалған», - деді Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында.
Соңғы 14 күннің ішінде коронавирустың таралуы Польшада - 160, Венгрияда - 120, Грузияда - 110, Әзербайжанда 104 пайызға артқан.
Министрдің айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының құрамына кіретін 19 елде коронавирустың төмендегені байқалады.
Израильде - 58, Испанияда - 28, Швейцарияда - 16, Черногорияда - 4 және Италияда 3 пайызға қысқарған.
«Қазақстанда соңғы 2 апта ішінде науқастану 11 пайызға төмендеді», - деді Алексей Цой.