Елімізде коронавируспен ауыру көрсеткіші 11% төмендеді

314

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Соңғы 2 аптада елімізде коронавируспен ауру көрсеткіші 11 пайызға төмендеді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Қазірдің өзінде әлемде коронавирус инфекциясының 244 млн-нан астам жағдайы тіркелді. Ал бір тәуліктің ішінде 300 мыңнан астам жағдай тіркеліп жатыр. 4,9 млн-нан астам қаза тапты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының мәліметінше, соңғы 2 аптада 54 елдің 35-інде ауру өсімі байқалған», - деді Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында.

Соңғы 14 күннің ішінде коронавирустың таралуы Польшада - 160, Венгрияда - 120, Грузияда - 110, Әзербайжанда 104 пайызға артқан.

Министрдің айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының құрамына кіретін 19 елде коронавирустың төмендегені байқалады.

Израильде - 58, Испанияда - 28, Швейцарияда - 16, Черногорияда - 4 және Италияда 3 пайызға қысқарған.

«Қазақстанда соңғы 2 апта ішінде науқастану 11 пайызға төмендеді», - деді Алексей Цой.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.