«Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы 6 мыңға жуық бала дүниеге келді

2 554

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

«Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 8 мың әйел жүкті болып, 6 мыңға жуық сәби дүниеге келді, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Аталған бағдарлама 2021 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске қосылған. Осылайша, балалы болу бақыты бұйырмаған отбасыларға жаңа мүмкіндік берілді. Нәтижесінде ЭКҰ-ға квоталар саны 7 есе өсіп, 20 мыңнан аса әйел бағдарламаға ілікті.


Осы уақытқа дейін 8 мың әйел жүкті болып, 5 мыңнан аса сәби туды, - деді Вячеслав Дудник «Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. ҚРТ: Қазір және болашақ» тақырыбында өткен XV халықаралық конгресте.


ДСМ штаттан тыс бас репродуктологы, Қазақстанның репродуктивтік медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшиннің айтуынша, бағдарлама ерлі-зайыптыларға үлкен үміт береді.

"Біз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты аясында 7 мың тапсырысты орындаймыз. Бағдарлама аясында 21 мың тапсырысты өткізу арқылы одан да көп бала дүниеге келеді деп үміттене аламыз. Бұл – өте жоғары көрсеткіш! ", - деді ол.

Оның айтуынша, ЭКҰ-ға келген әйелдердің денсаулығы қырағы бақылауда болады.

«Әйелді ЭКҰ-ға апармас бұрын, аталған бағдарлама мен жүктіліктің өзі оның денсаулығына зиян тигізбейтініне сенімді болу керек. Бүгінде бұл – басты назарда», - деді дәрігер.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.