Министрлік науқастарды қызылшадан емдеу тәртібіне қатысты түсінік берді

2 533

Pixabay.comҚР Денсаулық сақтау министрлігі науқастарды қызылшадан емдеу және аурудың таралуына жол бермеу хаттамасына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы мәліметіне сәйкес, қызылша ауруының өршуіне байланысты және жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау мақсатында өңірлердегі жедел медициналық жәрдем станцияларының барлық қызметкері шақырылған нысандарға маскамен барады. Бөртпе пайда болғаннан кейін 5 күнге дейін науқас оқшаулануы тиіс. Вакцинацияланбаған әрі науқаспен байланыста болған адамдарды инкубацияның 8-ші күннен 17 күнге дейін, пассивті иммунизациямен қамтылғандарды 21 күнге дейін бөлектеу ескерілген», - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.


Сонымен қатар, эпидемия ошақтарындағы 25 жасқа дейінгі (вакцинацияланбаған, егілгені туралы деректер жоқ немесе бір дозамен егілген) байланыста болған адамдарды иммунизациялау тірі құрамдастырылған вакцинамен, қызылшаға қарсы тірі моновалентті вакцинамен іске асырылады.


«Қарсы көрсеткіштер болған жағдайда, қызылшаға қарсы арнайы иммуноглобулин енгізіледі», - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.